1. Общие положения
2. Участники Мероприятия
3. Условия Мероприятия
4. Механика мероприятия
4.6. Возврат средств, предусмотренный подпунктом 4.1.2 Правил, может cопровождаться сторнированием дохода, признанного при оказании услуг, в соответствии с подп. 6 п. 1 ст. 238, ст. 256 Налогового кодекса Республики Казахстан. В случаях, предусмотренных законодательством, Организатор выступает налоговым агентом Участника при получении поощрения, указанного в подпункте 4.1.2 Правил, и обязуется удержать ИПН по ставке 10 % из подлежащей возврату суммы, которая в таком случае признается доходом Участника.
5. Особые условия
6. Прочее
1. Жалпы ережелер
1.1. «Жұмысқа орналас немесе ақшаны қайтарамыз» ынталандыру іс-шарасы (бұдан әрі – «Іс-шара») Іс-шараны ұйымдастырушы көрсететін қызметтерге шексіз адамдар тобының назарын тартуға, Ұйымдастырушы өз пайдаланушыларына көрсететін қызметтерге қазіргі клиенттердің адалдығын арттыруға бағытталған.
1.2. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Ньюскилз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 210140019844 (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы»), орналасқан мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 38/1 үй, 2-қабат, 7-кеңсе.
1.3. Іс-шараны өткізу аумағы – Қазақстан Республикасы.
1.4. Іс-шараға қатысушылар бола алатындар – Қағидалардың талаптарын орындайтын және қойылатын талаптарға (Қағидалардың 2-бөлімі) сәйкес келетін әрекетке қабілетті, кәмелетке толған жеке тұлғалар (бұдан әрі – «Қатысушы»).
1.5. Іс-шара 01.02.2025 және 30.06.2029 аралығындағы кезеңде (бұдан әрі – «Өткізу кезеңі») өткізіледі. Ұйымдастырушы Іс-шараны өткізу кезеңін біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
1.6. Іс-шара лотерея, құмар ойын немесе тәуекелге негізделген ойын болып табылмайды. Қағидалар марапатқа жария уәде беру болып табылмайды және оның ретінде қарастырылмайды.
1.7. Қатысушының Іс-шараға қатысу үшін шынайы емес, дұрыс емес немесе толық емес деректер беруі Ұйымдастырушыны Қағидаларда көзделген Ұйымдастырушының міндеттемелерін орындау міндетінен босатады.
2. Іс-шараға Қатысушылар
2.1. Іс-шараны өткізу аумағында тұратын, толығымен әрекетке қабілетті, кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары Іс-шараның қатысушылары бола алады.
2.2. Қазақстан Республикасында жұмыс iстеуге рұқсаты және/немесе тұруға ықтиярхаты бар толығымен әрекетке қабiлеттi шетел азаматтары да Iс-шараның қатысушылары бола алады.
2.3. Қатысушы мәртебесін алу үшін жеке тұлғалар Іс-шараға қатысу шарттарын орындауға, басқа да талаптарды сақтауға және осы Қағидаларда немесе заңнамада белгіленген міндеттерді көтеруге тиіс.
2.4. Іс-шараны ұйымдастырушы Қағидаларда айқындалған шарттарға сәйкес Қатысушылардың түпкілікті тізімін қалыптастыру құқығын өзіне қалдырады.
3. Іс-шара талаптары
3.1. Іс-шараға қатысу үшін мыналарды істеу қажет:
3.1.1. Ұйымдастырушының «Lerna онлайн-курстары платформасы» бағдарламалық жасақтамасына, оның ішінде https://lerna.kz/, https://skillfactory.kz/ веб-сайтында орналастырылған келесі курстардың біріне онлайн қол жеткізуді ұсыну жөніндегі Ұйымдастырушының қызметтерін 01.02.2025 және 30.06.2026 аралағында сатып алу: «Деректер талдаушы кәсібі»; «Жүйелік әкімші кәсібі»; «Android-әзірлеуші кәсібі»; «Python-да Fullstack-әзірлеуші кәсібі»; «Frontend- әзірлеуші PRO кәсібі»; «Java-әзірлеуші кәсібі»; «Python-әзірлеуші кәсібі»; «Product Manager кәсібі»; «Веб-әзірлеуші кәсібі»; «JavaScript пен PHP-те Fullstack веб-әзірлеуші кәсібі»; «IT-дегі Project Manager кәсібі»; «Java-да тестілеуші кәсібі»; «Python-да тестілеуші кәсібі»; «1С-бағдарламашы кәсібі»; «Графикалық дизайнер кәсібі»; «Графикалық дизайнер кәсібі нөлден PRO-ға дейін»; «Моушн-дизайнер кәсібі нөлден PRO-ға дейін»; «Веб-дизайнер кәсібі»; «Интернет-маркетолог кәсібі»; «Python әзірлеуші PRO кәсібі» (бұдан әрі – «Курс»);
3.1.1. өтуге міндетті Курстың барлық модульдерін Курста белгіленген мерзімде өту;
3.1.2. барлық тексеру тесттерінен өту, барлық іс-тәжірибелік жұмыстарды, сондай-ақ Курстың әрбір модулінен өткеннен кейін соңғы (қорытынды) іс-тәжірибелік жұмысты орындау. Бұл ретте LMS платформасы арқылы тексеруден және мақұлдаудан өткен жұмыстар орындалған болып есептеледі;
3.1.3. барлық тексеру тесттерінен өту, барлық іс-тәжірибелік жұмыстарды, сондай-ақ Курстың әрбір модулінен өткеннен кейін соңғы (қорытынды) іс-тәжірибелік жұмысты орындау. Бұл ретте LMS платформасы арқылы тексеруден және мақұлдаудан өткен жұмыстар орындалған болып есептеледі;
3.1.4. Курсты өту кезінде бір айдан артық үзілістерге жол бермеу. Курсты өту кезінде бір айдан артық белсенділік танытпаса және/немесе іс-тәжірибелік тапсырмаларды орындамаса және/немесе осындай мерзім ішінде сабақ жазбаларын қарамаса, Қатысушы үзіліске жол берген болып есептеледі;
3.1.5. тиісті Курс бойынша жеке кабинеті арқылы соңғы іс-тәжірибелік жұмыстың жүктелген күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде info@lerna.kz Ұйымдастырушының электрондық поштасы арқылы қатысуға өтінім беру, кейіннен толтыру үшін «іздеу күнделігін» алу;
3.1.6. жұмыс іздеуге белсенді қатысу, әлеуетті жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау кезінде жұмысқа орналасуға мүдделілік білдіру, әңгімелесулерге қатысу, әлеуетті жұмыс беруші ұсынған тестілік тапсырмаларды орындау;
3.1.7. іздеу күнделігінде баяндалған ұсынымдарға сәйкес жұмыс іздеу процесін қадағалау үшін іздеу күнделігін жүргізу және толтыру;
3.1.8. жұмысқа орналастыру мақсаттары үшін байланыс желісін кеңейтуге бағытталған Ұйымдастырушы ұйымдастыратын волонтерлік іс-тәжірибелік жобаларға, ұсынылатын іс-тәжірибелер мен тағылымдамаларға, іс-шараларға қатысу;
3.1.9. әлеуетті жұмыс берушілерден жұмысқа орналасудан бас тарту себептері туралы кері байланысты ескеру, түйіндеме мен ілеспе хатты осындай кері байланысты ескере отырып түзету;
3.1.10. Қағидалардың 3.1.5-тармақшасында көрсетілген электрондық пошта арқылы Қатысушы лайық жұмыс ұсынысын алған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде не іздеу нәтижесінің жоқтығы туралы Ұйымдастырушыны хабардар ету;
3.1.11. Ұйымдастырушыға қатысуға өтінім бергеннен кейін 6 (алты) ай өткен соң толтырылған іздеу күнделігін жіберу;
3.1.12. жаңа Курсқа қол жеткізуге қатысты Іс-шарада екінші және үшінші тіркеу кезінде Қағидалардың 3.1.2 – 3.1.11-тармақшасында көрсетілген көтермелеуді алғаннан кейін 4.1.1-тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді орындау.
3.2. Қағидалардың 3.1.1-тармақшасында көрсетiлген бiрнеше Курсты сатып алған Қатысушы Iс-шараға қатысуға бiр ғана өтiнiм беруге құқылы, бұл ретте Қатысушы қай Курстың аяқталуының нәтижелерi бойынша оның Iс-шараға қатысатынын дербес анықтауы тиiс.
1Белсенді жұмыс іздеу деп Қағидалардың мақсаттары үшін күнтізбелік айда кемінде 30 (отыз) күнтізбелік ай ішінде рекрутингтік сайттарда (мысалы – enbek.kz, hh.kz, market.kz, olx.kz), әлеуметтік желілердегі қоғамдастықтарда, мессенджерлердегі арналарда орналастырылатын бос орындарға жауаптар жіберу, шақыру болған кезде айына кемінде 3 (үш) әңгімелесуге қатысу түсініледі.
4. Іс-шара механикасы
4.1. Іс-шараны өткізу кезеңінде (Қағидалардың 1.5-тармақшасы) Қағидалардың 3.1- тармақшасында көрсетілген Іс-шара талаптарын орындаған, алайда лайық жұмыстың бірде-бір ұсынысын алмаған Қатысушы көтермелеу алады:
4.1.1. Іс-шараға бірінші және екінші тіркелуден кейін – БЖ-ға, оның ішінде мына Курстардың біріне қол жеткізуді ұсыну жөніндегі қызметтер құнының 100% мөлшерінде жеңілдікті: «Әзірлеуші кәсібі»; «Қаржы талдаушысы 2.0 KZ (курстар жиынтығы)»; «3D-аниматор нөлден PRO-ға дейін»; «Өнімдер талдауы»; «Кәсіпкерге арналған қаржы»; «Houdini-де VFX»; «Жобаларды басқару»; «Сатуды басқару»; «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»; «Таргетолог PRO»; «Продакт-менеджмент»; «Коммерциялық иллюстрация нөлден PRO-ға дейін»; «Операциялық менеджмент және үздіксіз жақсартулар»; «Киім дизайнері 2.0»; «Графикалық дизайнер нөлден 3.0-ге дейін»; «2D PRO»; «Maya-да үлгілеу»; «Нарративті дизайн»; «Fashion-фотосурет»; «Digital-дегі фрилансер дизайнер»; «Онлайн-курстарды іске қосу және продюсерлеу»; «Мобильді роботтардың автономды навигациясы»; «Қоғамдық кеңістіктің ландшафтық дизайны»; «HR-практикум: нақты кейстер мен тәжірибе»; «Бизнес басшылары мен иелеріне арналған талдау»; «Интернет-маркетинг PRO»; «2D-графика негіздері»; «Экстерьерлік көрнекілеу»; «Қаржылық үлгілеу»; «Бренд-менеджер»; «Кофехананы қалай ашу керек: бизнес-жоспардан басқаруға дейін»; «Жобалау және 3D-үлгілеу негіздері»; «Креативті индустриядағы басқару»; «Кинодағы арт-тұжырымдама»; «Айналаның 3D-суретшісі»; «Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер»; «Fashion-дизайнерлер үшін Clo3D»; «Білім беру онлайн-өнімдерін ілгерілету»; «Жеке стилист»; «Дизайндағы қаріп»; «Өнім маркетологы»; «Трейдинг»; «Digital-стратегия»; «Трафик-менеджер»; «Бағдарламалық жасақтама архитекторы»; «Онлайн-мектептің кураторы»; «Әлеуметтік желілердегі клиенттер»; «Ландшафтық дизайн нөлден бастап»; «Fashion-де продюсерлеу»; «Fashion санатты менеджменті»; «UX-дизайнер нөлден PRO-ға дейін»; «Зергерлік әшекейлердің дизайны»; «Командаларды басқару»; «Коммерциялық редактура»; «Креативті техникалар»; «Білім беру бағдарламаларының әдіскері»; «Коммуникация өнері»; «Blender»; «YouTube арнасын іске қосу және ілгерілету»; «Халықаралық SEO»; «Фотосурет PRO»; «CG-мамандар үшін фотосурет негіздері»; «SEO PRO»; «TikTok: контент жасау, ілгерілету және табыс алу (курстар жиынтығы)»; «Agile: Scrum және Kanban өніммен жұмыс істеуде»; «Флористика нөлден 2.0-ге дейін»; «Іш киім мен шомылу киімі дизайны»; «Корпоративтік қаржы: жоспарлау және талдау»; «AMDG SEO-маманы»; «Персоналды оқыту және дамыту жөніндегі менеджер»; «Фотосурет нөлден 2.0-ге дейін»; «Event-менеджер нөлден бастап»; «iPad-дегі иллюстрация»; «1С талдау негіздері»; «А-дан Я-ға дейінгі копирайтинг 2.0»; «Контент-маркетинг негіздері»; «Бедел менеджменті және маркетинг»; «SMM- стратегия»; «Интерьер дизайнерлеріне арналған Revit»; «Fashion тренд-талдаушысы»; «Сервистік дизайн»; «Медиа жоспарлау»; «Мейрамхана бизнесіндегі маркетинг»; «Клиенттік сервисті басқару»; «Figma нөлден PRO-ға дейін»; «Kubernetes негізіндегі инфрақұрылымдық платформа»; «Интерьер дизайнерлеріне арналған скетчинг»; «Fashion-дизайнер үшін Adobe Illustrator»; «Интерьер дизайнының тарихы»; «ҚO Level design»; «Жасанды интеллект философиясы»; «Деректерді талдау үшін SQL»; «After Effects нөлден PRO 2.0-ге дейін»; «Жарнамалық иллюстрация»; «Wildberries-те қалай сату керек»; «Планшеттегі скетчинг»; «Кондитер нөлден бастап»; «Онлайн-оқытушы»; «1С: Бухгалтерия 8, редакция 3.0»; «Креативті жарнама»; «Жеке бренд»; «Tilda 2.0 сайттарының дизайнері»; «Арнайы жобалар және нативті жарнама»; «JavaScript»; «Blender.Design»; «Шаш стилисті»; «Иллюстрацияға арналған Adobe Illustrator»; «Кейіпкерлік иллюстрация»; «Сату жөніндегі менеджер PRO (курстар жиынтығы)»; «Маркетплейстерде жылдам бастау»; «Визажист нөлден бастап»; «ҚО CG-
2Лайық жұмыс деген – Қағидалардың мақсаттары үшін денсаулық жағдайына, Курстан өту нәтижелері бойынша алған білімі мен дағдыларына сәйкес келетін, толық емес жұмыс уақытындағы, толық емес және икемді жұмыс уақыты режиміндегі, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс.
мамандар үшін Photoshop»; «Autodesk Maya 2.0»; «Әзірлеушінің мансабы: жұмысқа орналастыру және дамыту»; «Жанжалдарды басқару»; «Ландшафтық скетчинг»; «Ландшафтық дизайнерлерге арналған SketchUp»; «3ds Max-те интерьерді көрнекілеу негіздері»; «Интерьерлік фотосурет»; «Фотографқа арналған өңдеу»; «Adobe Lightroom»; «Портреттік фотосурет»; «Заттық фотосурет»; «Food-фотосурет»; «Кітап иллюстрациясы»; «Дағдарысқа қарсы басқарма»; «ҚО Мобильді фотосурет»; «Customer Development»; «AutoCAD нөлден PRO-ға дейін»; «Cinema 4D 2.0»; «Zbrush-те 3D-үлгілеу нөлден бастап»; «Телеграмм-да ілгерілету»; «Интерьер дизайнерлері үшін Photoshop»; «Figma-да маркетплейстер үшін инфографика»; «Node.js»; «Excel нөлден PRO-ға дейін»; «Эмоциялық интеллект және көшбасшылық»; «Стресс-менеджмент»; «Capture One»; «Иллюстраторлар үшін Photoshop»; «Юнит-экономика және өнім метрикалары»; «Тайм-менеджмент»; «Әлеуметтік желілерге арналған креативті копирайтинг»; «Illustrator»; «InDesign»; «Өз денсаулығыңды қалай басқару керек»; «TikTok: 2024 жылы блогты монетизациялау бойынша толық курс»; «Кейіпкерлер бойынша 3D-суретші»; «Рендер нөлден бастап»; «Колористика және композиция негіздері»; «Digital командаларды басқару»; «Ойын орнын құру»; «Кейіпкер жасау»; «Houdini-де шаш жасау»; «ChatGPT: сіздің жеке нейро көмекшіңіз»; «Онлайн білім берудегі мансаптың басталуы», Қатысушының таңдауы бойынша. Курстарды таңдау әлеуетті жұмыс берушілерден алынған кері байланыстың нәтижелері бойынша айқындалған жетіспейтін құзыреттерге негізделуі тиіс.
4.1.2. Іс-шараға үшінші тіркелгеннен кейін – «Lerna онлайн-курстарының платформасы» бағдарламалық жасақтамасына, оның ішінде Курсқа қол жеткізуді ұсыну бойынша Ұйымдастырушының қызметі үшін төленген ақша қаражатын қайтару.
4.1.3. Қағидалардың 4.1.2-тармақшасында көрсетiлген ақша қаражатын қайтару Ұйымдастырушы белгiлеген қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қайтару Қатысушының жазбаша өтініші бойынша, ал егер қызметті Төлеуші-үшінші тұлға төлеген жағдайда, Төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырылады.
4.2. Көтермелеуді алу мерзімі – Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көтермелеуді алу шарттарын Қатысушы орындаған сәттен бастап 2 ай. Егер дәлелді себептер болмаған кезде Қатысушы белгіленген мерзім ішінде Ұйымдастырушыға еркін нысанда жазылған көтермелеу алуға өтінім жібермесе, Қатысушы көтермелеу алу құқығын жоғалтқан болып есептеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңдері көтермелеу алу мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептері болып танылады.
4.3. Ұйымдастырушы Қағидалардың 4.1.1-тармақшасында көрсетiлген көтермелеудi алған кезде Қатысушының салық агентi болып әрекет етеді және көтермелеу ретiнде алынған курс құнының 10% мөлшерлемесі бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) өз есебiнен есептеуге және төлеуге мiндеттенедi.
4.4. Қатысушы Ұйымдастырушы сұратқан барлық деректердi, оның iшiнде салық төлеушiнiң толық атауын, ЖСН, сондай-ақ Ұйымдастырушының жеке табыс салығы бойынша декларация беруі үшін жеке басын куәландыратын құжаттардың скан-көшірмелерін беруге мiндеттенедi.
4.5. Қатысушы/Төлеуші Қағидалардың 4.1.2-тармақшасында көзделген көтермелеуді алу үшін Қатысушыға/Төлеушіге тиесілі банктік шоттың жарамды және дұрыс деректемелерін беруге міндеттенеді.
4.6. Қағидалардың 4.1.2-тармақшасында көзделген қаражатты қайтару Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 238-б. 1-т. 6-тш., 256-б. сәйкес қызметтер көрсету кезiнде танылған кiрiске түзетпе жасау арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Заңнамада көзделген жағдайларда Ұйымдастырушы Қағидалардың 4.1.2-тармақшасында көрсетілген көтермелеуді алу кезінде Қатысушының салық агенті болып әрекет етеді және мұндай жағдайда Қатысушының кірісі болып танылатын және қайтарылуға жататын соманың 10% мөлшерлемесі бойынша ЖТС ұстап қалуға міндеттенеді.
5.Ерекше талаптар
5.1. Осы Қағидалардың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған Қатысушы Іс-шараға қатысу құқығынан айырылады.
5.2. Ұйымдастырушы нәтижесінде электрондық пошта хабарламалары келіп түспеген, кешігіп келіп түскен, жоғалған немесе зақымданған техникалық іркілістер мен байланыс қызметтерінің, оның ішінде электрондық пошта, әлеуметтік желілер сапасы үшін, кез келген техникалық, технологиялық немесе ақпараттық қателер, іркілістер үшін, Қатысушы мен Іс-шараны ұйымдастырушы арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін кез келген компаниялар, мекемелер, ұйымдар қызметкерлерінің қателері үшін, төлем жүйелері операторларының жұмысы үшін, сондай-ақ интернет-провайдерлер жұмысының сапасы үшін, Қатысушылардың жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамасының жұмыс істеуі, сондай-ақ Ұйымдастырушыға байланысты емес өзге де мән-жайлар және осыған байланысты барлық теріс салдарлар үшін жауапты болмайды.
6. Басқасы
6.1. Ұйымдастырушы Іс-шара шеңберінде өз міндеттемелерін орындау үшін кез келген үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
6.2. Ұйымдастырушының Іс-шара шеңберінде жүзеге асырылатын қандай да бір шаралары немесе іс-әрекеттері Ұйымдастырушы Қатысушылардан қандай да бір сыйақы алатын қызметтер немесе іс-әрекет болып табылмайды.
6.3. Кез келген шығыстарды (соның ішінде, бірақ осымен шектелмей, ақша қаражатын аударуды жүзеге асырғаны үшін банктердің комиссиялары, коммуникациялық немесе көлік шығыстары, Іс-шара туралы кез келген ақпаратты алу үшін Интернет желісін пайдалануға байланысты шығыстарды қоса алғанда, Интернет желісін Қатысушының пайдалану құны) Іс-шараға қатысушылар дербес көтереді және төлейді.
6.4. Осы Қағидаларда көзделмеген барлық жағдайларда Ұйымдастырушы мен Іс-шараға Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
6.5. Қатысушының жосықсыз мiнез-құлқының қандай да бiр әрекетi анықталған жағдайда, Ұйымдастырушы оның Iс-шараға қатысуын жоя алады. Ұйымдастырушы Қатысушының Іс-шараға қатысуының адалдығын бағалауды қолда бар мүмкіндіктері негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Қағидалардың ережелерін ескере отырып, дербес жүзеге асырады.
6.6. Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Іс-шараны өткізудің кез келген уақытында біржақты тәртіппен Іс-шараны өткізуді тоқтатуға, өзгертуге немесе уақытша тоқтата тұруға құқылы. Өзгерістер мен толықтырулар Ұйымдастырушы тиісті өзгерістерді бекіткен сәттен бастап күшіне енеді және Іс-шараның барлық қатысушыларына қатысты болады.
6.1. Іс-шараны өткізуге байланысты туындаған барлық мәселелер бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 771 771 15 20.